«Чики-чики» сөзімен аты шыққан шалқарлық шенеунік қызметінен қуылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Чики-чики» сөзімен аты шыққан шалқарлық шенеунік қызметінен қуылуы мүмкін

«Чики-чики» сөзімен аты шыққан шалқарлық шенеунік қызметінен қуылуы мүмкін

Ақтөбе облысында жергілікті телеарнаға сұхбат берген шенеунік күлкіге қалды. Жолдың жайын айтып ағынан жарылған Шалқар аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Аян Қорқытұлы бір күнде ғаламтор жұлдызына айналып шыға келді.

  • 27 Мамыр 2015
  • 263
Фото - Caravan.kz

Шалқар «чики-чики» ғой. Жоқ ,ақша жоқ. Қысқасы жоқ десейші, басыңды ауыртпа. Биылға ақша жоқ. Ақша болған жағдайда мұрын боғын шашыратып істейміз бәрін.

Креслода шалқайып отырып сұхбат берген Шалқар ауданындағы коммуналдық шаруашылыққа жауапты шенеуніктің ісін қазір тәртіптік кеңес тексеріп жатыр. Шалқардың жағдайы чики-чики деп күлкіге қалған бастықтың енді өз халі «чики-чики» болмайын деп тұр. Жергілікті тілшіге қыңыр жауап қайтарған Аян Қорқытұлы қызметімен қош айтысуы мүмкін. Атқамінердің өзі аяқасты ауырып қалыпты. Дегенмен жұмысқа шыққан бетте жауапқа тартылатын болады.