"Чукча": Ресейлік бапкерлердің қазақ төрешілеріне тіл тигізген видеосы тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Чукча": Ресейлік бапкерлердің қазақ төрешілеріне тіл тигізген видеосы тарады

"Чукча": Ресейлік бапкерлердің қазақ төрешілеріне тіл тигізген видеосы тарады

Әлеуметтік желіде ресейлік бапкерлердің қазақстандық төрешілерді балағаттап жатқан видеосы тарады.

  • 2 Ақпан
  • 2232
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Адырна» сілтеме жасап хабарлайды.

Жанжал медиа футбол лигасы аясындағы SD Family және 2Drots командалары арасындағы кездесуде туындаған.

Видеодан Ресей құрамасының бапкері Дмитрий Кузнецовтің қазақ төрешісінің шешіміне көңілі толмағанын байқауға болады.

«Не көрсетіп тұрсың? Сен кімсің? Чукча!»—деді ресейлік жаттықтырушы.

Видео Қазнет қолданушыларының қызу талқысына түсіп жатыр.

«Ұлтаралық қақтығысты қоздырып жатыр», «Жазаға тарту керек», «Елге кіргізбеу керек»,— деп жазды ол.

Айта кетейік, «чукча» —Ресей Федерациясының солтүстік-шығысында өмір сүретін азшыл чукча ұлтына қатысты пайда болған. Ресейде бұл сөзді қолдану балағаттау болып саналады.

Соңғы жаңалықтар