«Чурка деп еркектер кірпіш лақтыратын»: Ресейден келген қазақ қызы орыстардың өзіне не істегенін айтып салды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Чурка деп еркектер кірпіш лақтыратын»: Ресейден келген қазақ қызы орыстардың  өзіне не істегенін айтып салды (ВИДЕО)

«Чурка деп еркектер кірпіш лақтыратын»: Ресейден келген қазақ қызы орыстардың өзіне не істегенін айтып салды (ВИДЕО)

Желіде Ресейде тұрған қазақ қызының ондағы орыстардың өзге ұлттарға деген көзқарасы қалай екенін жеткізді.

  • 12 Қазан 2022
  • 7083
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Видео Ютуб желісінде тараған және онда Ресейде тұрған қазақ қызы оқушы кезінен бері басынан өткен жағдайды айтып берді.

«Әлеуметтік желіде келіп жатқан орыстарға «қайырымды болайық, адамгершілік танытайық» деген сияқты жанашыр пікірлерді естіген кезде, оқыған кезде күлкім келеді. Мен бұрын Новосибирск қаласында тұрдым, мектепті сол жерде оқыдым. Анамның жұмысына байланысты бізге үш жыл сол жерде оқуға тура келді. Сол кезде маған ересек ерекектер кірпіш лақтырып, «киіз үйіңе кет, қараңды батыр, чурка, черномазая, черножопая» деп айғайлайтын. Сонда қасымыздан өтіп бара жатқан әйелдер де, балалар да «дұрыс, бұларға осылай істеу керек, чурка, қытай» неше түріл сөздер айтатын. Жарайды оны ұмытайыншы, өтті кетті. Бірақ бәрібір жүректе дақ қалды. Қазір 4 балам бар, бесіншісін күтіп жүрмін.

Енді қашып келіп жатқан орыстарға айтарым, біраз уақыттан соң сендер «Путин көмектес, бізді қорлап жатыр, күн көрсетпейді» деп шағым апайтпаймыз және путиндерің бізге қарсы қару қолданбайды деп қазақстандық аналарға кепілдік беріңдерші, бере аласыңдар ма?», — деді видеодағы келіншек.


Көпшілік: «Кепілдік жоқ! Мен өзім Ресейде туып, олардың қазақтарға жасаған агрессиясынан зардап шеккендей ұзақ өмір сүрдім. Мен орыс қазағымын, орыстың басқа халықтарға деген көзқарасы қандай екенін өз тәжірибемнен білемін», «Орыстан досың болса, айбалтаң қасыңда болсын деп, баяғыда айтып кеткен қазақ аталарымыз, сенім жоқ», деген пікірлер қалдырды

 

Соңғы жаңалықтар