CNPC "Ақтөбемұнайгаз" компаниясы Ақтөбе облысының бюджетіне 1 млн. доллар аударды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
CNPC "Ақтөбемұнайгаз" компаниясы Ақтөбе облысының бюджетіне 1 млн. доллар аударды

CNPC "Ақтөбемұнайгаз" компаниясы Ақтөбе облысының бюджетіне 1 млн. доллар аударды

CNPC "Ақтөбемұнайгаз" компаниясы Ақтөбе облысының бюджетіне 1 млн. доллар аударды. Ақтөбе облыстық қаржы басқармасының бастығы Жолдымұрат Аманбаевтың KZ-today тілшісіне берген түсініктемесіне жүгінсек, инвесторлар мұндай жомарттықты Ақтөбе облысына келгеніне 5 жыл толуына орай жасаса керек.

  • 4 Шiлде 2003
  • 763
Фото - Caravan.kz

Ж.Аманбаевтың айтуынша, бюджеттік комиссияның шешімімен бұл қаржы ауылды дамыту бағдарламасына жұмсалады. Оған лизинг бойынша комбайндар сатып алынып, барлық аудандарда асыл тұқымды мал түлігін өсіруге арналған базалар құрылып, ауылға жас мамандарды тарту мақсатымен елді мекендерде тұрғын үйлер салынбақ.

Сонымен бірге, қытайлық инвесторлар бөлген қаржы меморандумға сәйкес ауыл тұрғындарына несие түрінде берілетін болады. CNPC «Ақтөбемұнайгаз» 30 млн. теңгені Ақтөбеде спорт саласын дамытуға арнап отыр. Соның нәтижесінде, облыстағы барлық мектепте спорттық жабдықтар жаңартылады. Сондай-ақ, мұнай компаниясы басшылығының арнайы өтінішімен 0,5 млн. теңге мұнайлы Кеңқияқ ауылында коммуналдық жүйені дамыту мақсатына арналмақшы.
Сонымен бірге, бөлінген қаржының 78 млн. теңгесіне аудандық ауруханаларға арнап жиҺаз сатып алынады. Ақтөбе облыстық қаржы басқармасы бастығының айтуынша, инвестор тарапынан мұндай жомарттық еліміз тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет жасалып отыр.

Соңғы жаңалықтар