Цой бірінші тоқсанда 12 304 сынып карантинге жабылғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Цой бірінші тоқсанда 12 304 сынып карантинге жабылғанын айтты

Цой бірінші тоқсанда 12 304 сынып карантинге жабылғанын айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа оқу жылының басталуына байланысты министрлік оқушылар арасындағы сырқаттанушылықты күнделікті бақылап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрілігі мәліметіне сілтеме жасап.

  • 12 Қараша 2021
  • 23
Фото - Caravan.kz

"Коронавирустың 22 021 жағдайы тіркелді. Бұл оқушылардың жалпы санының 0,6 пайызы. 160 мыңнан аса байланыста болған адам анықталды. Оның ішінде 1 409 оң нәтиже анықталды.

Қазанда қыркүйекпен салыстырғанда оқушылар арасында сырқаттанушылықтың 1,2 есеге төмендегені байқалады", — деді Цой ОКҚ брифингінде.

ДСМ мәліметінше, бірінші тоқсанда 15 ауысым және 12 304 сынып карантинге жабылған.

"Студенттер арасында 2 674 жағдай тіркелді. Оның ішінде 1 948 орта оқу орындарының студенттері арасында және 726 жағдай жоғары оқу орындарының студенттері арасында. Бұл орта оқу орындарындағы білім алушылардың 0,5 пайызы және жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың 0,1 пайызы", — делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар