Facebook негізін қалаған Марк Цукерберг әлеуметтік желі жариялымдарының басымдығы өзгеретінін хабарлады. Мұны ол әлеуметтік желідегі өз парақшасында мәлімдеді, — деп хабарлайды delavill.com.
Цукербергтің сөзінше, Facebook желісінде жаңалықтар мен жарнама мазмұнындағы жариялымдар саны азайтылып, желі қолданушысының отбасы мүшелері тарапынан контент көбірек болады. "Жаңалықтар таспасы о бастағы мақсатынан — адамдарға бір-бірімен араласуға көмектесуден ауытқып кетті", — деп жазыпты Марк Цукерберг. Сонымен қатар, ол әлеуметтік желіге өзгерістер енгізу жұмыстары басталып кеткенін және оның аяқталуына бірнеше ай керек болатынын да айта кетті.