Дакар раллиде істен шыққан көлік қатарға қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дакар раллиде істен шыққан көлік қатарға қосылды

Дакар раллиде істен шыққан көлік қатарға қосылды

Дакар раллиіне қатысып жатқан «Astana Motorsports»-тың жүк көлігінің ақауы жөнделіп бүгін жарыс жолына қайта шықты. Артур Ардавичус тақымдаған «Татра» аударылып, мәре сызығына әзер жеткен болатын.

  • 15 Қаңтар 2014
  • 254
Фото - Caravan.kz

Түнімен көз ілмей, темір тұлпарын қалыпқа келтірген отандық команданың жігіттері бүгін Аргентинадан Чили шөліне өтті. Әзірге 28-сі орынға тұрақтаған. Айдын Рақымбаев пен Владимир Демьяненко экипажының да аяқ алысы жаман емес. Жол талғамайтын көлік мінген команда 13-ші келді. Тек «Astana Motorsports»-тың үшінші экипажы 8-ші кезеңді сәтсіз аяқтады. Денис Березовский мен Игнат Фальков мінген джиптің генераторы сынып, екі жарым сағаттары зая кеткен. Десе де,олар  раллидің соңына дейін жетуге ниетті. Аптап ыстыққа қарамастан спортшыларымыз Дакардың 9-ші күні, яғни ертең Чили шөлін де бағындырамыз деп отыр.


Артур Ардавичус,«Astana Motorsports» командасының пилоты:  

— Енді осындай апаттан кейін маған көлікті мүмкіндігінше байыппен, ақырын жүргізу қажет. Яғни, тағы бір соққы болатын болса темпір тұлпарымыз шашылып қалуы да мүмкін.