Дакар раллиде спортшыларымыздың көлігі жанып кете жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дакар раллиде спортшыларымыздың көлігі  жанып кете жаздады

Дакар раллиде спортшыларымыздың көлігі жанып кете жаздады

Дакарда жарысып жатқан спортшыларымыздың бірі көлігі ішінде тірідей жанып кете жаздады. Артур Ардавичус тізгіндеген «Татрадан» орта жолда кенеттен өрт шығып, абырой болғанда, шабандоз жалынды дер кезінде өшіріп үлгерді.    

  • 10 Қаңтар 2014
  • 168
Фото - Caravan.kz


Раллиде оқыс оқиға осымен екінші мәрте қайталанып отыр. Күні бұрын Бауыржан Исабаев отырған джип иен далада түгі қалмай өртенген еді. Бұл жолы жүк көліктің қозғалтқышы түтіндепті. Алауға аптап ыстық себеп болса керек. Қазір Аргентинаның құмында кем дегенде 50 градус тұр. Дегенмен отандық команда қиындықтың барлығын еңсеріп, жарысты жалғастыруда. Айдын Рақымбаевтың да көлігінен шикілік шыққан. Бірақ ждип тағымдаған жігіттер бүгін жарыс фавориттерімен мәреге иық тірісе жетіп, 10-шы орынға көтерілді. Ал Ардавичустың «Татра»-сы ертеңнен бастап жарысқа кіріседі.