Дәмхана қонақтарының банк картасынан ақша ұрлаған даяшы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәмхана қонақтарының банк картасынан ақша ұрлаған даяшы ұсталды

Дәмхана қонақтарының банк картасынан ақша ұрлаған даяшы ұсталды

4 қала тұрғыны банк картасынан ақша ұрланғанын айтып, полицияға шағымданған.

  • 24 Сәуiр 2019
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Жедел-іздестіру шаралары барысында 22 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Ол қаладағы көңіл көтеру орындарының бірінде даяшы болып жұмыс істеп жүріп, қонақтар POS-терминалдың көмегімен төлем жасаған кезде олардың банк картасынан реквизиттерді алып қалып отырған. Әрі қарай осы реквизиттерді қолданып, интернет-банкинг арқылы ақша ұрлаған», — делінген полиция ақпаратында.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазір ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі 4-тармғы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.


Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті азаматтарды абай болуға шақырады. Алаяқтық әрекеттерден күдіктенсеңіз, мына нөмірлерге хабарласуға болады: 8(7172)71-62-91 немесе 102.

 

Соңғы жаңалықтар