Данияр Әшімбаев: Мәсімов күзде отставкаға кетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Данияр Әшімбаев: Мәсімов күзде отставкаға кетеді

Данияр Әшімбаев: Мәсімов күзде отставкаға кетеді

 

  • 15 Тамыз 2016
  • 1727
Фото - Caravan.kz

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев  қыркүйек туысымен елдің саяси өмірі жанданатынын, айтулы саяси оқиғалар болатынын айтады, — деп хабарлайды Qamshy.kz.

Саясаттанушы елдегі қалыптасып отырған экономикалық-әлеуметтік ахуал Үкіметтің отставкаға кетуіне себеп болуы мүмкін екенін айтады.

«Бизнес пен әлеуметтік саладағы жағдай мәз емес. Каникулдан оралған мәжіліс Үкіметке қаталдық танытатынының ықтималдығы жоғары. Депутаттар өңірлерді аралап, ондағы «сайлаушыларымен» кездесіп, жағдайға қаныққан соң көңіл-күйлері түсіп қайтатыны белгілі. Оның үстіне, өткен сессияның соңында мәжіліс төрағалығына белсенді, біршама қатал Нұрлан Нығматуллин барғаны және бар», — деген ол осы күзде Үкіметтің ауысатынын болжап отыр.

«Дағдарысқа душар болған елдің саяси болашағын болжау қиын. Ал, бізде барлығы бей-берекет өтуде: қолға алынған бастамалардың басым бөлігі ақылға қонбайды, ел экономикасындағы нақты ахуалды талдауға негізделмеген. Бірақ, дәстүр бойынша бізде Үкімет күзде ауысып келеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қазан айында Қараманов, Терещенко, Қажыгелдин, Балғымбаев қызметінен кеткен. Қазір де Мәсімов кетеді деген әңгіме күшеюде, үкімет дәліздерінде де Үкіметте кадрлық ауыс-түйістер болатыны жиі айтылып жүр. Қазірдің өзінде бірқатар шенді тұлғаларға қатысты компраматтар қоғамға тасталуда.


Бірақ, бастысы бұл емес. Күтіліп отырған отставкаға экономикалық дағдарыс басты қозғаушы болады. Экономикадағы сәтсіздіктер, инфляция, валюта бағамының толқуы қоғамдағы наразылықты қажетті деңгейге арттырып отыр. Сонымен қоса, экономиканың өсуіне қандай да бір алғышарттар жоқ», — дейді Д. Әшімбаев.

Саясаттанушы Үкіметті отставкаға жіберу де осы халық наразылығын басудың амалы екенін айтады.

«Отставка қоғамдағы наразылықты біршама басады. Жаппай наразылық басталғаннан гөрі, Үкіметті құрбан еткен тиімді. Бірақ, оның нәтижесі қандай болатыны түсініксіз», — дейді ол.

Соңғы жаңалықтар