Дәрігер Ақтау-Тараз ұшағының жолаушысын ажалдан арашалап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігер Ақтау-Тараз ұшағының жолаушысын ажалдан арашалап қалды

Дәрігер Ақтау-Тараз ұшағының жолаушысын ажалдан арашалап қалды

Ұшақ жоғары көтерілгеннен кейін әйелдің артериялық қысымы қатты төмендеп кеткен

  • 14 Қаңтар 2018
  • 150
Фото - Caravan.kz

Маңғыстаулық дәрігер Нәдірқожа Мұсаев Ақтаудан Таразға ұшқан әйелдің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Sputnik lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігердің айтуынша, ұшақ жоғары көтерілгеннен кейін әйелдің жағдайы нашарлап, артериялық қысымы қатты төмендеп кеткен. 

"Әйелдің қан қысымы 60/0-ге дейін түсті. Бортта алғашқы реанимациялық көмек көрсетуге арналған қажетті заттардың бәрі бар екен. Маған Таразға ұшып бара жатқан медбике көмектесті. Қан қысымын дәрі-дәрмектің көмегімен 120/80-ге дейін көтердік. Реанимациялық көмек шамамен бір жарым сағатқа созылды", — дейді дәрігер. 

Оның айтуынша, әйел Таразға жеткенге дейін есін жиған, оны әуежайда ардиобригада күтіп алыпты.  


Әйел кардиореанимацияда емделіп шықты. 

Соңғы жаңалықтар