Жарияланды: 20

"Дәрігерді түрмеге жабуға болмайды": Денсаулық сақтау министрлігі Шымкентте тұтқындалған бас дәрігер туралы

"Дәрігерді түрмеге жабуға болмайды": Денсаулық сақтау министрлігі Шымкентте тұтқындалған бас дәрігер туралы

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігіндегілер Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбайдың тұтқындалуына қатысты пікір білдірді.

Танымал трансплантолог Қылмыстық кодекстің екі бабына сәйкес күдіктеліп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Оған сауатты, білікті маман ретінде мінездеме берілді. Заң бұзушылық, қылмыс болды ма, жоқ па, оны сот дәлелдейді. Денсаулық сақтау министрлігінің тек бұл жағдайға қатысты емес, жалпы алғандағы позициясы: дәрігерді өзге қылмыскерлермен қатар түрмеге жабуға болмайды», - дейді денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева.

Вице-министрдің пікірінше, дәрігерлерге бас бостандығынан шектеудің баламалы әдістерін қолдану керек.

«Егер сот оны кінәсіз деп таныса, дәрігер қызметіне оралып, ота жасауы керек болады. Дәрігер үшін пациенттің сенімін жоғалтпау маңызды», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбайдың тұтқындалғанын хабарлаған едік. Тергеу нұсқасы бойынша, ол ұлтаралық қылмыстық топтың қатысушысы болуы мүмкін. Сонымен қатар адам ағзаларын заңсыз алды деп айыпталуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін