Дәрігердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе артық болуы керек - Тоқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе артық болуы керек - Тоқаев

Дәрігердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе артық болуы керек - Тоқаев

Дәрігердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе артық болуы керек.

  • 27 Мамыр 2020
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйесі үшін шын мәнінде ауыр сынақ болды. Бұл ахуал елімізде кәсіби дәрігердің тапшы екендігін анық аңғартты. Бұған еңбекақының аздығы, мамандықтың беделді болмауы, дәрігерлер құқығының қорғалмауы себеп болып отыр. Түрлі сала мамандары ішінде ең төмен жалақыны дәігерлер алады», — деді Қазақстан Президенті. Осы орайда Мемлекет басшысы Үкіметке биылдан бастап дәрігерлердің еңбекақысын кезең-кезеңмен арттыруды тапсырды. «Олардың айлығы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе артық болуы керек. Бұл көрсеткішке 2023 жылға қарай қол жеткізу қажет. Осы күрделі кезеңде баршамыз медицина мамандарының қажырлы еңбегіне куә болдық», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



 

Соңғы жаңалықтар