Дәрігерлер құтырық дертінен қайтыс болған жасөспірімнің дұрыс ем қабылдағанына сендіріп бағуда - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәрігерлер құтырық дертінен қайтыс болған  жасөспірімнің дұрыс ем қабылдағанына сендіріп бағуда

Дәрігерлер құтырық дертінен қайтыс болған жасөспірімнің дұрыс ем қабылдағанына сендіріп бағуда

ШЫМКЕНТ. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Құтырық дертіне шалдыққан жасөспірім дұрыс ем қабылдаған. Бұл туралы бүгін өткен брифингте облыстың штаттан тыс бас рабиологы Үсен Дәуітов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 14 Наурыз 2007
  • 962
Фото - Caravan.kz

«Құтырық дертінен қайтыс болған жасөспірімге құтырыққа қарсы вакцина дер кезінде егілген»,- деді Ү. Дәуітов. Ол, 9-ақпанда Сарыағаш ауданының Қапланбек аулында 14 жасар баланы ит қауып алған күні, жәбірленушінің аудандық ауруханаға жеткізіліп, оған схема бойынша үш екпе егілгендігін хабарлады. «Ол ауруханада бір апта емделіп, жағдайы жақсарып ауруханадан шығарылған»,- деп қосты Ү. Дәуітов.

Бірақ, 10-наурызда жасөспірім ауруханаға қайта жатқызылып, екі күннен кейін қайтыс болған. «Біз онда барып қайттық, «құтырық» диагнозы еш күмән тудырмайды», деп хабарлады Ү. Дәуітов. «Комиссия вакцинаны сақтауда ешқандай ереженің бұзылмағандығын анықтады, сондықтан да оның сапасына күдіктенетін еш негіз жоқ»,- деп түсіндірді бас рабиолог журналистредің сұрақтарына жауап бере отырып.

Оның пікірінше, жасөспірімнің осындай қысқа мерізімде қайтыс болуына иттің баланы көптеген жерден қабуы себеп. Ит баланың қол саусақтарынан және иығы мен аяғынан тістеген. «Статистикалық мәліметтер, дер кезінде емделгеніне қарамастан құтырық індетін жұқтырғандардың 3 пайызы қайтыс болатындығын көрсетіп отыр»,- деп хабарлады Ү. Дәуітов.

Бас рабиологтың мәліметтеріне сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы он жылда құтырық індетінен 27 адам қайтыс болса, 2007 жылы құтырықтан үш адам көз жұмған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті