Дәрігерлер Әубәкіровтың денсаулығы жайлы мәлімет таратты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"ҚР Президентің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасының" хабарлауынша,Тоқтар Әубәкіров тамыздың 21-і күні жөтелге, тершеңдікке, жалпы әлсіздік шағымдарымен жүгінген.. Жедел жәрдем бригадасы үйге жіберілген. Тексеру бойынша: жалпы жағдайы тұрақты, қанығуы 95%, температурасы 36,6 болған көрінеді. ПТР сынамасы алынған.Ал нәтижесі оң болып шыққан. ПТР нәтижелері бойынша қосымша рецепттер мен ұсынымдар беріледі. Науқастың айтуынша, дертпен 6-шы күн ауырған. Ол Сумамедті өз бетімен қабылдаған, ауруханаға медициналық көмекке жүгінбеген, делінген хабарламада.
Тамыздың 23-і күні .аурухананың мобильді тобы үйде тест алып, кеуде сегментінің компьютерлік томографиясын жасады. Зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері бойынша ол Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар орталығына ауруханаға жатқызылды.
Науқас ауруханаға жатудан бас тартты, делінген аталмыш хабарламада. Ал тамыздың 24-і күні таңертең науқаспен әңгіме жүргізілді, содан кейін ол орташа COVID-19 диагнозымен Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды. Екі жақты полисегментальды пневмония диагнозы қойлды.
Еске салсақ, ұлт мақтанышының бір апта бойы қараусыз жақтаны жайлы Жұмабике Жүнісова өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
Ғарышкердің өзінің айтуынша, Нұр-Сұлтандағы Президенттің Іс Басқару мекемесіне қарасты емханада тіркеуде болғанына қарамастан дәрігерлер қандай да бір емдік шаралар жүргізбепті.