Дариға Назарбаева: Біздің басты жауымыз - жауапcыздық, біліксіздік - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дариға Назарбаева: Біздің басты жауымыз - жауапcыздық, біліксіздік

Дариға Назарбаева: Біздің басты жауымыз - жауапcыздық, біліксіздік

Сенат спикері Дариға Назарбаева елдегі ауыл шаруашылығын басқару жүйесін қайта қарау қажет екенін айтады.

  • 28 Ақпан 2020
  • 10
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Дипломмен ауылға" бағдарламаларын қаржыландырып, тұрғын үйлер салудың не қажеті бар? Егер онда не ешқандай жұмыс болмаса. Бұл бағдарламалар жұмыс бар өңірлерге арналуы керек. Әйтпесе, ешқандай мамандарымыз бармайтын өңірлерде тұрғын үй салып, кейін онымен не істерімізді білмей, басымызды қатырамыз", — дейді Дариға Назарбаева.

"Құрметті әріптестер! Қазақстанның аграрлық саясатының басты тапсырмасы — еліміздің тұрғындарын 80 пайызға азық-түлікпен қамту. Бұл ішкі нарықты реттеп, заманауи талаптар мен стандарттарға жауап бере алатын сапалы өнімдерді шығару дегенді білдіреді. () Барлық шешімді ойланып қабылдау керек. Қазақстан — біздің жерімізі. Біз ұрпағымыз үшін, балаларымыз үшін жауаптымыз, мұны барлығымыз жақсы түсінеміз. Біздің сыртта жауларымыз жоқ. Туған жерімізді ешкімге бермейміз. Ешқандай көршілерден де бізге қауіп жоқ. Біздің басты жауымыз — жауапcыздық, біліксіздік. (…)", — деді Назарбаева.

Соңғы жаңалықтар