Дәурен Абаев президенттің отставкасы туралы сыбысқа жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәурен Абаев президенттің отставкасы  туралы сыбысқа жауап берді

Дәурен Абаев президенттің отставкасы туралы сыбысқа жауап берді

Әлеуметтік желіде 18 наурыз күні Nur Otan партиясының саяси кеңесі отырысында мемлекет басшысы отставкаға кетуі мүмкін деген ақпарат тарап жатыр

  • 13 Наурыз 2020
  • 352
Фото - Caravan.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысында президент ауысады деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

Әлемді коронавирус жайлап, алдын алу шараларын күшейтуге байланысты мәселемен бірге әлеуметтік желіде 18 наурыз күні президент ауысады деген сыбыс тарай бастады.

Мәжіліс кулуарында "Қазақстанда бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасының таныстырылымынан кейін журналистер Дәурен Абаевтан саяси кеңестің күн тәртібінде қандай мәселе талқыланатын сұрады.

"Күн тәртібін қазір нақты айта алмаймын. Ал сіздер айтып тұрған әңгімеге келер болсақ, мен ақпарат министрі ретінде бұл сөзді жоққа шығарамын", — деді Абаев.


Бұған дейін Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия саяси кеңесінің отырысы 2020 жылдың 18 наурызында өтетінін жариялаған болатын.

Коронавирустың президенттің жұмыс кестесіне әсері

Әлемде коронавирустың кеңінен таралуына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесі өзгерді. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, бүгінде әлем бойынша сан алуан келіссөздер, сапарлар, екіжақты және көпжақты кездесулер өтпейтін болды. Қазақстан да бірнеше халықаралық шараны кейінге шегерді. Соның ішінде Дүниежүзі сауда ұйымының министрлер кездесуі де бар.

 

Соңғы жаңалықтар