Жарияланды: 170

Дауыл тұрып, бұршақ жауады

Дауыл тұрып, бұршақ жауады

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша, елеміздің басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы болады. 

Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстіктің жекелеген аумағында бұршақ жаууы ықтимал. Кейбір өңірлерде жел күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде жел 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с күшеюі мүмкін. 

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. 15-20 м/с екпіндегі жел 23-28 м/с артуы ықтимал.

Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз оның күші 23-28 м/с жететіні болжанады. 

Күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысында сондай-ақ найзағай ойнайды. Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. 

Батыс Қазақстан облысында тұман болады. Атырау облысында найзағай күтіледі, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз найзағай, дауыл, шаңды дауыл тұрады, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз 25 м/с артады. 

Күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл болжанады, желдің екпіні 25 м/с жетуі мүмкін. 

Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жауады, 15-20 м/с жылдамдықтағы желдің күші күндіз 23 м/с артады. 

Сондай-ақ синоптиктердің мәліметінше, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстанның жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін