Шығыс Азия елдерінде ІЖӨ өсімі 2012 жылы 7,5% және 2013 жылы 7,9% құрауы ықтимал. Сарапшылардың пайымдауынша, әлемдік экономика өсімінің 40% осы аумаққа тиесілі болмақ.
ДБ бағалауларына қарағанда, 2012 жылы ҚХР ІЖӨ өсімі 7,9% құрамақ, 2011 жылы ол 9,3% жеткен болатын. Келесі жылы қытай экономикасы 8,4% артады, деп күтілуде.