ДДСҰ пандемияның екінші толқыны жөнінде ескертті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ДДСҰ пандемияның екінші толқыны жөнінде ескертті

ДДСҰ пандемияның екінші толқыны жөнінде ескертті

Әлем тек COVID-19 бірінші толқынының ортасында. Вирустың таралуы аз елдер бақылауды күшейтпесе, індеттің екінші толқынына тап болуы мүмкін. 

  • 26 Мамыр 2020
  • 42
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, қазір әлем коронавирус пандемиясының алғашқы толқынының бел ортасына жетті. Себебі Орталық және Оңтүстік Америкада, Оңтүстік Азияда және Африкада індетке шалдығу қарқынмен жалғасуда. Аурудың таралуы толқын тәріздес болады: өсімнен соң төмендеу байқалып, кейін жұқтыру қайта басталады.

ДДСҰ өкілі атап өткендей, мамандар "екінші толқын" ұғымын келесідей түсіндіруде: бірінші толқында сырқаттанғандар саны барынша төмен деңгейге дейін азаяды, ал бірнеше айдан соң ауру қайта өршиді және бұл бірнеше айдан кейін көптеген мемлекеттерде көрініс табуы мүмкін екен.

Бұл ретте, пандемияның екінші кезеңі маусымдық тұмаумен тұспа-тұс келуі ықтимал.


Онымен қоса, М. Райан адамзат пандемияның бірінші кезеңінде оны қайта өршітіп алуы мүмкіндігін ескертті. Мұндай жағдай 1918-1920 жылдары испан грипінің пандемиясы кезінде болған.

ДДСҰ мәліметтері (25 мамырдағы жағдай) бойынша әлемде коронавирусты жұқтырғандардың саны 5 307 298 адамды құрады, өлім – 342 070. Ең көбі Америкада және Еуропада жұқтырған.

Соңғы жаңалықтар