Делиде 3-ші Қазақстан-Үндістан туристік жәрмеңкесі болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 452.92
  • 484.99
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Делиде 3-ші Қазақстан-Үндістан туристік жәрмеңкесі болып өтті

Делиде 3-ші Қазақстан-Үндістан туристік жәрмеңкесі болып өтті

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Делиде өткен аптада еліміздің Республика күніне арналған "Kazakhstan-India Travel and Tourism Fair" атты 3-ші Қазақстан-Үндістан туристік жәрмеңкесі болып өтті. Шараға Қазақстанның Туризм және спорт, Үндістанның Туризм және мәдениет министрлігінің ресми өкілдері, алдыңғы қатарлы туроператорлары мен үнді БАҚ қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 29 Қазан 2008
  • 1161
Фото - Caravan.kz

Үндістандағы ҚР елшілігі жыл сайын өткізетін осы шараның негізгі мақсаты Қазақстанның туристік бейнесін ілгерілету, екі ел арасында туризм саласындағы байланыстарды кеңейту, үнді қоғамын, ресми және іскерлер шеңберлері мен туроператорларын еліміздің туристік мүмкіндіктерімен кеңінен таныстыру болды.

Басқосуда Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы негізгі баяндама жасаған Қазақстанның елшісі Қайрат Омаров қатысушыларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен хабардар етіп, Қазақстан туризмінің дамуына және туристік тартымдылығына оң әсер ететін демократиялық түрленулер туралы әңгімелеп берді. Ол Қазақстан-2030 стратегиялық даму бағдарламасы шеңберінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтіп, тереңдетуге септігін тигізетін туризм саласы өзара әрекеттің перспективалық бағыттарының біріне айналуда деп ерекше атап көрсетті.

Үнді тарапының өкілдері елшіліктің жәрмеңкені жыл сайын өткізу жөніндегі бастамасына жан-жақты жәрдем көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Үнді туроператорларының назарын ҚР Туризм және спорт министрлігі (ТСМ) дайындаған Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы бейне-презентациясы ерекше тартты. Жәрмеңке қонақтары алдында сөз сөйлеген осы министрліктің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Қарлығаш Кәкен Қазақстанда туристік аймақтар жөніндегі басымды жобалар мен туристік кластерді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі шаралар туралы әңгімелеп берді.

«Эйр Астана» ұлттық әуекомпанияның аймақтық өкілі Ч.Гаманпиллаи қазақстандық әуетасымалдаушы және оның одан әрі даму басымды бағыттары туралы слайдық шоуды алға тартты. Үндістанмен қарым-қатынасқа тоқтала отырып, жақында әуекомпания өкілі жақын арада Алматы-Дели-Алматы бағытындағы аптадағы рейстердің санын екіден үшке дейін ұлғайтқандығын хабарлады.

Қазақстан Туристік ассоциациясының (ҚТА) өкілі Л.Шварц жәрмеңкеге қатысушыларға ҚТА-ның Қазақстан министрліктерімен және мекемелерімен еліміздің бейнелік жобаларын іске асыру жөнінде ынтымақтастығы туралы әңгімелеп беріп, Қазақстанды үнді туристеріне перкспективалық бағыттардың бірі ретінде ілгерілету бағытында екі елдің қоғамдық ұйымдарымен тығыз өзара әрекет дамытуға үмітін білдірді.

Шара аясында ынтымақтастық орнату мақсатында Үндістандық әлеуетті серіктермен екі жақты кездесулер мен жергілікті БАҚ-мен сұхбаттар өткізілді.

Жәрмеңке Үндістанның туризм бизнесіндегі компаниялардың қолдауына ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар