Жарияланды: 20

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 16-18 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты.

Бұл туралы  Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірнеше өңірінде ауа температурасы жоғарылайды. "Республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі жексенбі күні кезекті жылумен алмасады. Егер алдағы түнде бұл аймақтарда түнгі ауа температурасы минус 17…25 градус сақталса, жексенбіде түнде солтүстікте және орталықта, дүйсенбіде шығыста минус 5…13 градусқа жоғарылайды", - дейді "Қазгидромет" өкілдері. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз болғанымен, ауа температурасы төмендейтіні айтылады. Батыста жауын-шашынсыз және температураның жоғарылауы күтіледі.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін