Дене шынықтыру пәні мұғалімі оқушысын оңдырмай сабап тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дене шынықтыру пәні мұғалімі оқушысын оңдырмай сабап тастаған

Дене шынықтыру пәні мұғалімі оқушысын оңдырмай сабап тастаған

Алматы облысының Талғар ауданында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі сабақ кезінде өз оқушысын көгала қойдай етіп сабап тастаған. Баланың бар кінәсі ұстазын «мырза» деп атамағанында екен. Өзін осылай айтқызып үйретіп жүрген мұғалімнің ауыр жұдырығын, тіпті, қаршадай қыздың туа бітті кекештігі де тоқтата алмапты. Бүгін осы бассыздық жауапсыз қалмасын деп шу көтерген басқа ата-аналар мектеп директоры мен ұртоқпақ ұстаздың жұмыстан кетуін талап етті.

  • 31 Қазан 2013
  • 354
Фото - Caravan.kz

Фатима Тулаева таяқ жеген қыздың әпкесі. 2 айдан бері мектепті торып жүр. 10 жасар баланы оңдырмай ұрған ұстазды ұстап алып сазайын беру сондағы ойы.

Он палку взял и начал палкой ее бить. Он еще вот так разделял еще.

— Расскажи, что он тебе делал?

– Душил он меня, и потом избивать начал.

Абай атындағы ұлттық университетті бітірген. Нүсіпәлиев Жанболат Тоқтасынұлы.

43 жастағы бұл мұғалім енді бүгіннен бастап мектепте сабақ бермейді. Дардай азаматтың балаларға күш көрсеткеніне әріптестері де сене алар емес. Тез арада жиналыс ашып, адуынды ұстаздан құтылуға асығыпты.      

Гүлфайра Нұрғазиева, мектеп директоры:

— 10 жыл педагогикалық стажы бар мұғалім болғаннан кейін біз ол кісінің мұндай жаманшылық жасайды деп ойламадық бұрын- соңды…

Бірақ ашуға мінген ата-ана ұжымның бұрандасын босатып алған басшының да орнын босатуын талап етуде. Ал оқиға оқу жыл басында орын алғанымен, қызға қол сілтеген ұстаздың үстінен іс енді ғана қозғалыпты.

Ерлан Өтегенов, Талғар ауданының прокуроры:

— Ол мойындап отыр. Оқушы айтқан сөзін тыңдамаған. Сабақ барысында бұзықтық жасаған дегенге келтіріп отыр.

Мектептің тек ішкі тәртібі ғана емес, іші де шатқаяқтап тұр. Ескілігі сонша, еденін көртышқандар кеміріп, орындықтары да ілініп әрең тұр.


Сахара Әбибова, Еңбекші ауылының тұрғыны:

— Есіктерінен сарайдың есіктері жақсы, қораның есіктері жақсы, осы мектеп па? Жылда мектеп уәде етеді…

Балалар бар-жоғы 4-ақ бөлмеде оқиды. Компьютер дегенді көрмеген. Ал барша мектепке ортақ игілік интерактивті тақта туралы ұстаздар естімеген де.

Гүлсім Наурызбекова, мектеп мұғалімі: 

— Тек қана бормен, тақтаймен ғана жұмыс істейміз. Басқа үлкен мектептерге қоятын талаптарды бізге де қояды. Ал бізде ондай мүмкіндік жоқ. Балаларымызда компьютер де жұмыс істетуде кабинет жетпейді.

Бір күні болмаса, бір күні мұнда баланың аяғы кіріп, майым болмасына кім кепіл? Ғимараттың соғылғанына 44 жыл болыпты. Бастапқыда колхоздың барагы, одан кейін барып жатақхана, сосын барып балабақша, кейін барып мектепке айналған. 38:46 Қазір мұнда 245 бала үш ауысыммен оқиды. Соңғысы кешкі жетіде үйіне әрең дегенде жетеді. Мектеп мұғалімдері 10 жыл бойы мектеп өтініп сұрап жүр екен. Бірақ әлі күнге дейін селт еткізер жаңа ғимарат туралы сыбыс жоқ.