«Денеме чип енгізіп, ақыны картасыз төлеуді армандаймын» : БҚО тұрғыны Барби қуыршағына ұқсау үшін екі қабырғасын алып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Денеме чип енгізіп, ақыны картасыз төлеуді армандаймын» : БҚО тұрғыны Барби қуыршағына ұқсау үшін екі қабырғасын алып тастады

«Денеме чип енгізіп, ақыны картасыз төлеуді армандаймын» : БҚО тұрғыны Барби қуыршағына ұқсау үшін екі қабырғасын алып тастады

Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласының тұрғыны Елена Рагузова өзінің сыртқы келбетіне тәжірибе жасауды жалғастыруда. Жіптіктей бел үшін 22 жастағы қыз хирургтың пышағы астына жатып, құлақтың пішінін өзгертіп, екі қабырғасын алып тастады.

  • 28 Қыркүйек 2021
  • 74
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бойжеткенні бойы 170 сантиметр, ал салмағы шамамен 40 келі. Отадан бұрын оның белінің көлемі небары 50 сантиметр болатын. Ал операциядан кейін көлемі 46 сантиметрге дейін кішірейді.

"Қабырғаларды алып тастау отасы Алматы клиникасында жасалды. Отаны 1 миллион 200 мың теңгеге жасаттым. Денемнің екі жағында жеті сантиметрлік тігістер қалды. Оңалтудың өзі шамамен алты айға созылады", — деді Елена.

Елена Рагузова әлеуметтік желіде белсенді. Теріс пікірлерге назар аудармауға тырысып, өз денесіндегі өзгерістері мен өмірі туралы жиі айтады.

"Мен құлағымды эльфтікіне ұқсатып жасадым. Денеме барлық қажетті ақпарат болатын чипті енгізуді армандаймын. Картасыз-ақ сатып алу ақысын төлесе болады. Сондай-ақ, жаңа кеуде импланттарын салғым келеді. Өйткені бұрыңғы кеуде импланттарым тым үлкен болып, алып тасауға мәжбүр болдым. Және де мен мұрынды кішірейтіп, иек пішінін түзеткім келеді",- деп Елена өз жоспарларымен бөлісті.


Қазір Елена әртүрлі фотосессиялар мен жобаларға қатысып, әйелдерге арналған киімінің эскиздерін жасаумен айналысады. Ол 25 жасында әйгілі Барбиге ұқсап, сыртқы келбетін өзгертуді аяқтамақшы. 

Соңғы жаңалықтар