Денесін қабыршық басқан бала Алматыда ем алып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денесін қабыршық басқан  бала Алматыда ем алып жатыр

Денесін қабыршық басқан бала Алматыда ем алып жатыр

Алматылық дәрігерлер терісі қабыршықтанған қызылордалық балғынға көмек көрсетуге кірісті. Ихтиоздың ауыр түрімен ауыратын 4 жасар Жасұлан қазір тері-венерологиялық институтында жатыр. Құлан-таза айықпаса да, терісіндегі қабыршықтары түсіп, ауруы да біршама басылған екен. Дәрігерлер оны толық сауықтыра алмасақ та, бетін бері қаратуға тырысамыз деп отыр. Одан ойдағыдай нәтиже шықпаса ата-анасы Жасұланды шетелдік дәрігерлерге апарып көрмек. 

  • 18 Сәуiр 2014
  • 266
Фото - Caravan.kz

Осыдан үш күн бұрын ғана жүріп-тұруы қиын Жасұланның дерті қазір біршама басылып, беті бері қараған. Денесін басқан қабыршақтың жартысы үгітіліп түсіпті. Сондықтан ойын баласының көңілі көтеріңкі қазір. Алматылық дәрігерлер жаңа дәрі-дәрмектерді тағайындап, емнің жаңа әдістерін қолданып жатыр екен. 

Үстімдегі ауырмайды қазір.

— Енді балалармен сөйлесіп, ойнап жүрсің ба?

 -Ие

Ұлбибі Ықыласова, Жасұланның анасы:

Үстіміз кішкене жұмсарып келе жатыр. Біздің мазьдарымыз да бұрынғыдай емес, ауыстырды. Емді  өзгертті, содан жақсылық бар енді. Үстіміз түсіп жатыр, жұмсарып жатыр. Оның орындары қызарып, ашиды енді, ол да ертең жазылып кететін шығар деп сенеміз.

4 жасар Жасұланның дерті тұқым қуалайды. Ихтиоздың ауыр түрі әлемдегі әрбір 200 мыңыншы адамнан табылады екен. Оның асқынуына экологиялық жағдай да себеп болуы мүмкін. Дерттен құлан-таза айығудың жолдары да әлі табылмаған. Дегенмен отандық дәрігерлер қолдарынан келгенше көмек көрсетеміз деп отыр.


Гүлнар Әбілқасымова, Тері-венерологиялық институты директорының орынбасары:

Бұл дертті толық емдеу мүмкін емес. 100 пайыздық кепілдік беретін мекеме әлем бойынша жоқ. Бірақ оны қадағалауға болады. Ата-анасы тиісті көңіл беріп, үнемі ылғалдандыратын майларды жағып тұрса теріні қалыпты жағдайда ұстауға болады.

Бірақ ана жүрегі ұлының сауығып кететіндігіне сенеді. Сондықтан олар шетелдік мамандардың көмегіне жүгініп көрмек. Израильде мұндай ем-домның құны 8 миллион теңге. Ал әзірбайжандықтар 3 миллионға Жасұланның терісін ұзақ уақытқа тазартып бере аламыз депті. Жас отбасының мұндай қаржыны қалтасы көтермейді. Сондықтан қол ұшын созам деушілер хабарласуына болады.

 

KZ886010 00 200 548 41 11 «Халық банкі»

+7 702 884 44 37