Денесін қабыршық басқан қызылордалық бала еміне қаржы таппай қиналып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денесін қабыршық басқан қызылордалық бала еміне қаржы таппай қиналып отыр

Денесін қабыршық басқан қызылордалық бала еміне қаржы таппай қиналып отыр

Миллионның бірінде кездесетін ауру! Қызылордада денесінің 90 пайызын қатты қабыршық басқан балғын өмір сүруде. Қазір Жасұлан Қорғанбек 5 жасқа толған. Бірақ ауруын отандық бірде-бір дәрігер емдеуға қауқарсыз.

  • 11 Сәуiр 2014
  • 223
Фото - Caravan.kz

Жасұлан медицина тілінде «ихтиоз» деп аталатын осы дертпен туған. Қазір ауруының асқынғаны сонша қабыршық тіпті үлғайып, түлеген жерлері қызыл жараға айналуда. Соның салдарынан балғын төсекке де еркін жатып, киім де кие алмайтын халде. Отандық мамандар бұл дерттің тұқым қуалайтынын және ешқашан емделмеу де мүмкін екенін айтып отыр. Десе де Әзірбайжан мен Израильде ауруын басуға көмектесетін ем тәсілдері бар көрінеді. Тек оның әрбір қабылдауы 8 миллион теңге. Ал ондай ақша жас отбасыда жоқ. Сондықтан Жасұланның жақындары көптен көмек сұрауға мәжбүр. Қолұшын беруге ниеттілердің экранда көрсетілген нөмірге хабарласуына болады.


Ұлбибі Ықыласова, Жасұланның анасы: 

-Ихтиоздың өзі түрі көп. Менің баламдікі сол ауыр түрі болып тұр.  Біздің қаражатымыз ауздау болып тұр. Шыны керек мен осы баланың жағдайына қараймын деп жұмыстан шығып қалдым.

Байланыс телефоны

KZ886010 00 200 548 41 11 «Халық банкі»

+7 702 884 44 37
+7 701 606 31 83