Денис Тенді Құдайбергенов емес, Нұралы Қиясов пышақтаған – полиция - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денис Тенді Құдайбергенов емес, Нұралы Қиясов пышақтаған – полиция

Денис Тенді Құдайбергенов емес, Нұралы Қиясов пышақтаған – полиция

Алматы полициясы Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің өліміне қатысты тергеу ісінің қалай жүріп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

  • 24 Шiлде 2018
  • 348
Фото - Caravan.kz

"Бетпе-бет жүздестіру барысында күдікті Қиясов Денис Тенге пышақ жарақатын өзі салғанын мойындады", — делінген аталған хабарламада.

Ал, күдікті Арман Құдайбергенов болса тергеу барысында оқиғаның нақты қай жерде болғанын және спортшыны өлтірген пышақтың қайда жасырылғанын көрсетіп берген. Пышақ айғақ зат ретінде тәркіленіп алынды деп жазды sn.kz

Қазіргі таңда бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалған. Тәркіленген пышақтағы іздер мұқият тексерілетін болады. Ал, куәгерлер болса екі күдіктіні бірден таныпты. Олар полицияға түсініктеме берген.

Еске салайық, мұзда мәнерлеп сырғанаудан қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, даңқты спортшы Денис Тенді көлік ұрылары 19 шілде күні Алматының орталығында өлтірген болатын. Марқұм ұрлықтың үстінен түсіп, ұрыларды өзі ұстамақ болған көрінеді.

 

Оқи отырыңыз.

Ақтөбе жағажайында құм астында қалған сәби жансақтау бөлімінде жатыр
Денис Тен туралы атышулы жазба жариялаған 25 жастағы мұғалім жұмыстан шығатынын айтты
Қазақстан құрамасының 2018 жылғы Азия ойындарына арналған киім үлгісі таныстырылды

 

Соңғы жаңалықтар