Салидат Қайырбекова Ақордадағы кездесуге тыңғылықты дайындалып келіпті. Баяндамасы оптимизмге толы. Денсаулық сақтау министрі президентке елімізде бала мен ана өлімінің азайғанын, сондай-ақ тұрғындардың туберкулез, жүрек пен ісік ауруларына шалдығу көрсеткіштерінің едәуір төмендегенін мақтанышпен жеткізді. Ал мемлекет басшысы министрге осы қарқынмен жұмыс істеп, халықтың денсаулығына жіті мән беруді тапсырды.