Депутат Аяшевтың ұлына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат Аяшевтың ұлына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Депутат Аяшевтың ұлына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

АЛМАТЫ. 9-сәуір. Kazakhstan Today. Парламент үйінің күзетшісі Данияр Какеевті атып жаралаған депутат Оңалбай Аяшевтың ұлына қатысты қылмыстық іс екі жақтың татуласуына байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "Мегаполис" апталығына сілтеме жасап.

  • 9 Сәуiр 2007
  • 494
Фото - Caravan.kz

«Какеевтер Аяшевты қылмыстық жауапкершіліктен босату жөнінде өтініш жазды. Оған деген мүліктік немесе моральдық қандайбір өкпе-реніші жоқ. Осы жөнінде нотариуспен бекітілген құжат бар»,- деп газет Астана қалалық прокурорының

бірінші орынбасары Мұрат Ахметовтың сөзін келтіреді.

Басылымның хабарлауынша, Какеевтер отбасы депутат Оңалбай Аяшев оларға өтемақы ретінде екі бөлмелі пәтер мен емделуге ақша ұсынғаннан кейін жәбірлеушімен татуласуға келісімін берген.

Д.Какеев бүгінге дейін ауруханада жатыр. Оған бүгінге дейін үш операция жасаған, қазір төртіншісіне дайындалуда.

Басылымның жазуынша, «депутаттың ұлы Астанадан тысқары жерде психологиялық сауықтырудан өтуде».

Осы орайда еске сала кетсек, депутат Оңалбай Аяшевтың ұлы, 23 жастағы Серік Аяшев қаңтар айында мас күйінде «Нұрсая» депутаттар үйінде күзетшіні жарақаттаған. Ол атқан оқ Данияр Какеевтің басы мен иығынан тиген. Астана қалалық ІІД адамның денсаулығына қасақана ауыр зақым келтіру жөніндегі 103-бап бойынша қылмыстық іс қозғаған. Алайда, артынан бұл бап абайсызда адамның денсаулығына ауыр зақым келтіру жөніндегі 111-бапқа өзгертілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті