Депутат болғалы таныстарыммен араласпай кеттім - Дәулет Мұқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат болғалы таныстарыммен араласпай кеттім - Дәулет Мұқаев

Депутат болғалы таныстарыммен араласпай кеттім - Дәулет Мұқаев

Парламент Мәджілісінің депутаты Дәулет Мұқаев депутат болғалы біраз таныстарымен байланысын үзгенін мәлімдеді.&nb

  • 13 Шiлде 2023
  • 62
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі сторисінде бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Көп адамда түсінік басқаша…Депутат болғалы бірнеше танысыммен араласпай кеттім. Неге дейсіз бе? Жолыға қалсаң, айтатын әңгімелері: "Сен депутат болдың, движение жасасай, бізге тендер шығарсай, әкімнен жер алып берші, министрмен сөйлесіп, мені директор етіп берші, т.с.с. Ең жек көретін адамым — қарабасы мен тек өз мүддесін ойлайтындар. Бұл өмірде әркімнің өз несібесі, өз жолы бар. Жаса, істе, бай бол! Бірақ адал жолмен. Менің принципім осы. Мемлекетімізді жақсы жаққа өзгергенін қалайсыз ба? Әркім жақсы жаққа өзгеру керек. Яғни, өзгерісті өзінен бастаған жөн.


Кейбір хейтерлерге айтарым — осы уақытқа дейін 30 жылда депутаттарға деген жиналып қалған ыза, ашу, кекті маған жазбауларыңызды сұраймын. Әркімге сана берсін. Мен де бірінші кезекте сіздер секілді адаммын. Аспаннан салбырап түспедім, басқа планетадан келмедім. Ел не жесе соны жеп, не ішсе соны ішіп жүрміз. Бәріміз жер бетіндегі пендеміз. Қызмет қызметімен, қызмет уақытынан тыс Адам деп қабылдап үйренуіміз керек. Қалай бармын, солай қабылдаңыздар!", — деп жазды ол. 

Соңғы жаңалықтар