Депутат Мәди Ахметов 80 мыңнан астам студентке жатахана жетіспейтінін айтып, депутаттық сауал жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат Мәди Ахметов 80 мыңнан астам студентке жатахана жетіспейтінін айтып, депутаттық сауал жолдады

Депутат Мәди Ахметов 80 мыңнан астам студентке жатахана жетіспейтінін айтып, депутаттық сауал жолдады

"Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі, мәжіліс депутаты Мәди Ахметов ҚР Премьер-министрі Асқар Маминге депутат жолдады.

  • 17 Ақпан 2021
  • 208
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Депутаттық сауал кезінде ол студенттерге жатахананың жетіспейтіндігі жайлы, студенттік  жатақхананың міндетті болуы жөніндегі қойылатын лицензиялық талаптарды енгізу қажеттілігін, Жатақханаларды салатын мердігер компанияларға әр студент үшін жатақханадағы орнына төленетін айлық төлемақысының құнын өсірмеуді сұрады.

Мәди Ахметовтың баяндамасы: 

Еліміздегі жастардың  басым бөлігін студенттер құрайды. Алдағы  жылдарда демографиялық болжамдарға сай жастар санының өсетінін ескерсек, жоғары оқу орындарындағы инфрақұрылымды жаңарту күн тәртібіндегі өзекті де өткір мәселе екені анық. Студенттердің тұруына қолайлы жағдай жасамай, олардың бірінші қажеттіліктерін қамтамасыз етпей, білім сапасын арттыру мүмкін емес.

Қазіргі таңда 129 жоғары оқу орны мен  795 кәсіптік білім беру мекемесінде 1,1 млн-ға жуық студент білім алуда. Олардың 175 мыңы  (16% пайыз) ғана жатақханамен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, елімізде 80 мыңнан астам студентке жатақхана жетіспейді.

Аталған мәселені шешу мақсатында 2018 жылдың наурыз айында Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі жарияланды.  Әлеуметтік бастаманың үшінші бағыты «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсартуды» көздейді.

Бағдарлама аясында Білім және ғылым министрлігіне 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап 75 мың орындық 184 жаңа жатақхана салу тапсырылған. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджет есебінен 118 млрд тенге қаржы қарастырылған. Әлеуметтік бастама жоспарға сай жүзеге асатын болса, жатақханаға мұқтаж студенттердің 85%-ы орынмен қамтамасыз етіледі.

«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының ақпараты бойынша соңғы 2 жылда ел аумағында 20 266 орындық 75 жатақхана пайдалануға берілген. Бұл жалпы көрсеткіштің тек 27%-ы. Пайдалануға берілген жатақханалардың тек 39-ы жаңадан бой көтерсе, қалған 36-сы реконструкциядан өткен.

Негізінде мемлекеттік бюджеттен қарастырылған қаржы жаңа жатақханалардың құрылысына жоспарланғанын ескеру қажет.

Аймақтарға келетін болсақ, бастама әркелкі жүзеге асуда. Әсіресе, cтуденттер үйінің ең үлкен жетіспеушілігі немесе 56% -ы Нұр-Сұлтан (шамамен 17,2 мың студент) және Алматы қалаларына (31,1 мың студент) тиесілі. Сондықтан мемлекеттік бағдарламаны сапалы орындау бұл аймақтарға аса маңызды.

Мысалы, Алматы қаласында 2022 жылға дейін 20 мың орындық 38 жатақхана құрылысы аяқталуы қажет. Бірақ, бүгінде соның 7,5% (пайызы) ғана орындалып, 1,5 мың орыннан тұратын 5 жатақхана салынды.


Ағымдағы жылы 1700 студентке арналған 2 жатақхана құрылысы басталады. Қалған 17 мың орынды қамтитын жатақханалар үшін әкімдік жер телімдерін қарастырып, университет басшылығымен жұмыс жүргізуде.

Сондай-ақ, депутаттық сауалды дайындау барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, аймақтағы әкімдіктер, «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы ұсынған статистикалық мәліметтер, жатақхана құрылысына байланысты ақпараттар бір-біріне сәйкес келмейтінін аңғардық. Бұл әлеуметтік бастаманы  жүзеге асырудың нақты бірыңғай жоспары жоқтығын көрсетеді.

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Аталған жұмыстың баяу жүруіне Сіздің назарыңызды аударғымыз келеді. Нақты шаралар қолданбай, дәл осы қалпында қала беретін болса, тапсырманың орындалмай қалу қаупі өте жоғары.

Сондықтан, тапсырманы жүйелі әрі уақытында орындау үшін:

1. Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Қаржы орталығының»

инвесторларға ұсынып отырған шарттарын қайта қарастыруы маңызды.

2. Жатақханаларды салудағы барлық жауапты мемлекеттік органдардың жұмысын жүйелендіріп, ортақ үйлестіру мәселесін тез арада шешу қажет.

3. «Госэкспертиза» мекемесіне «Бес әлеуметтік бастама» аясында салынатын жатақхана құрылысының жобасын қарастыру мерзімін қысқартуды ұсынамыз.

4. Келісім-шарттарды жасауда, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы бюрократиялық процедураларды жеңілдету жолдарын қарастыру өзекті.

5. Мемлекеттік білім беру грантын орналастыру барысында жоғары оқу орындары мен колледждерге студенттік  жатақхананың міндетті болуы жөніндегі қойылатын лицензиялық талаптарды енгізу қажет.

6. Жатақханаларды салатын мердігер компанияларға әр студент үшін жатақханадағы орнына төленетін айлық төлемақысының құнын өсірмеуді келісім-шартта көрсету маңызды деп ойлаймыз.

Осы мәселелерді қарап, нақты шешімдер қабылдап, нәтижесін заңда көрсетілген мерзімде хабарлауыңызды сұраймыз.