Депутаттар Үкімет мүшелері мен байлардың салығын еселеп көтеруді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутаттар Үкімет мүшелері мен байлардың салығын еселеп көтеруді ұсынды

Депутаттар Үкімет мүшелері мен байлардың салығын еселеп көтеруді ұсынды

Гектарлаған жері мен хан сарайындай үйлері үшін көбірек салық төлесін! Бүгін Мәжіліс депутаттары Үкімет мүшелері мен олигархтардың салығын еселеп көтеруді ұсынды.

  • 26 Қыркүйек 2013
  • 468
Фото - Caravan.kz


Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

—  Бұл салықты, бұл жүкті ең алдымен біздің олигархтар, аса бай кісілер көтеруі тиіс. Олардың көбісі миллиардтаған соммаларды шетелдік, оффшорлық зоналарға шығарып отыр ақыры.

Бюджеттің жыртығын қарашаның қалтасын қағып толтыру әділетсіздік деген төменгі палатадағы «ақжолдықтар», мәселені шешудің екі жолын айтып отыр. Үкіметте отырғандардың тең жартысы миллиардерлер, ең алдымен солардың мүлкіне, екіншіден – байлардың табысына салықты көтеру керек. Сондай-ақ депутаттар қалталылардың, әсіресе шенеуніктердің шетелге асырған қаржыларын да жіті тексеруді талап етті. Өйткені, министрлер жыл сайын бюджеттің миллиондарын тиімді игердік деп есеп бергенімен, құрылысы аяқталмай тұрған аурухана, мектептердің саны азаймай тұр. Яғни, ізім-ғайым жоғалған сол қаржы шенеуніктердің шетелдегі есеп шоттарында жатуы ғажап емес. Бүгінде осындай оффшордағы қазақстандықтардың жинағы 140 млрд долларға жетіпті.