«Заң жобасы жол қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік басқаруды одан әрі жетілдіріп, көлік апаттарының деңгейін төмендетуге қатысты тиімді шаралар қабылдауға, сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол беретін жағдайларды жоюға бағытталған»,- деп айтылған мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар комитетінің қорытындысында.
Атап айтқанда, әкімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекске «жүргізушіге де, көлік иесіне де әкімшілік заң бұзушылық жазасын жүктеуді» қарастыратын статья енгізіледі.
«Аталмыш шара халықаралық тәжірибе негізінде енгізілуде және де көлік иесінің көлік құралын тиісінше және қауіпсіз пайдалануға деген жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді»,- деп түсіндірілген қорытындыда.
Сондай-ақ, заң жобасы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы арнайы құқықтан айыру мерзізімін ұзартып, көлікті мас күйінде басқарғандарға жүктелетін жауапкершілікті қатайтуды қарастырады. Сонымен қатар, аталмыш заң жобасы заң бұзушы бір жыл ішінде әкімшілік заң бұзушылықты қайталаған жағдайда оны жол қозғалысының ережесіне қатысты білімін тексеруге жіберуді қарастырған.
Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті