Дертінен айыққан Жанар Дұғалова белгілі қырғыз әншісімен дуэт жаздырмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дертінен айыққан Жанар Дұғалова белгілі қырғыз әншісімен дуэт жаздырмақ

Дертінен айыққан Жанар Дұғалова белгілі қырғыз әншісімен дуэт жаздырмақ

Кезінде күллі түркі тыңдармандарының жүрегін жаулаған Жанар Дұғалова, соңғы кездері көзден таса болды. Тіпті, әнші ұзақ уақыт бойы шетел асып кеткен де болатын. Көрінбей кеткен арудың айтуынша, оның бұл әрекетіне алаңдауға тұрарлық өз себептері бар.

  • 20 Наурыз 2018
  • 453
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Америкаға кетіп, тыңдармандарын жаңа әндерімен қуантуды сиреткен Жанар Дұғалова, соңғы кездері тек шығармашылық басқосуларда төбе көрсетуде. Алайда, әнші мұны өнерге қайта оралу деп есептемейді.

“Енді, камбэк деп айтуға болмайтын шығар. Өйткені жаңа туындыны, бейнебаянды ұсынсаң камбэк деп айтуға болады”, – дейді Жанар.

Тыңдармандарын сағындырған өнерпаз шетелге оқу үшін бардым дейді. Оның үстіне, арудың шығармашылығының тоқырап қалуының тағы бір себебі бар.

“Денсаулыққа байланысты деп айтуға болады. Бірақ, барлығы артта ққалдыр. Ақырындап-ақырындап өзіме келіп жатырмын. Сондықтан, жаттығуларға қайтадан кірістім”, – дейді Дұғалова.

Дұғалова, өз өнерін жандандыруды қайта бастамақк. Мәселен ол, көп ұзамай қырғыз әншімен ортақ туынды жазуға ниетті.

“Мейірбек Атабековпен болашақта дуэт болады. Бұл әнді саундтрек ретінде шығару керек болғанбыз. Бірақ, бір жағдайларға байланысты саундтрэк емес, кейін жеке бейнебаян қылып шығарамыз Құдай қаласа”, – дейді әнші.

Жанарды жуық арада қырғыз сахнасынан көріп қалсаңыз да таңқалмаңыз. Ал, оған дейін әнші жұмысына жан бітіруге білек сыбана кіріспек.


“Алаңдап, денсаулығымды ойлап жазып жатқан көрермендеріме алғысым шексіз. Мен оны бағалаймын. Және де жуық арада, оларды, құрметті көрерменді тың жаңалықтарыммен қуантатын боламын”, – дейді Жанар.

 

Ұқсас тақырып: 

Қайрат Нұртас халыққа балаларын таныстырып, концерт берді
Төреғали сенің өміріңе, сенің денсаулығыңа, жанұяңа нұқсан келтірмесе, оған қарсы шығудың қажеті жоқ — Айқын Төлепберген
 
Соңғы жаңалықтар