Димаш Құдайберген Алматыда концерт береді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген Алматыда концерт береді

Димаш Құдайберген Алматыда концерт береді

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Алматыда концерт беретінін мәлімдеді.

  • 1 Шiлде 2022
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

"Құрметті достар! Алматы қаласында "Stranger" атты концертім өтеді! Бұл менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім",- деп жазды Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде.

Әншінің жеке концерті 2022 жылғы 23 қыркүйекте өтеді.

"Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі – Орталық стадионда өтеді. Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын! Сіздерді асыға күтемін!", — деді Димаш.

Билет сатудың басталғаны туралы ақпарат Димаш Құдайбергеннің ресми жаңалықтар порталы – DimashNews.com-да жарияланады.


Еске салсақ, биыл Димаш Құдайберген үлкен халықаралық концерт турына шықты.

25 наурызда әртіс Дубайдағы Coca Cola Arena концерт кешенінің сахнасында ән айтты.

8 сәуірде концерт турын жалғастыру үшін Германияға барды.

24 сәуірде Чехияда концерт берді.

Соңғы жаңалықтар