Димаш Құдайберген ертең Қазақстанға оралады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген ертең Қазақстанға оралады

Димаш Құдайберген ертең Қазақстанға оралады

[wpcode id="1694287"] Димаш Құдайберген ертең Қазақстанға оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР мәдениет жә

  • 24 Сәуiр 2017
  • 308
Фото - Caravan.kz


Димаш Құдайберген ертең Қазақстанға оралады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Facebook желісінде хабарлады. "Достарым, ертең Астанада Орталық концерт залында 18:30-да Қытайдағы I am a singer байқауынан үлкен жеңіспен отанына оралған Димаш Құдайбергенге қошемет көрсетеміз. Кіру тегін, барлығыңызды осы шараға шақырамын. Келіңіздер, достар, Димашты қарсы алайық!", — деп жазды министр. Ал әншінің PR-директоры әрі жақын досы Алпамыс Шаримовтың айтуынша, әнші елде біраз уақыт болады. "Алдағы шетелдік жұмыстар алдында сәл-пәл демалып аламыз ба деп жатырмыз", — деп хабарлады әншінің өкілі. Айта кетейік, әнші Қытайдағы I Am a Singer музыкалық байқауында екінші орын алған болатын. Сонымен қатар, ол үш бірдей музыкалық жүлде иеленді.