Димаш Құдайберген Рим Папасының қолынан алған сыйлығын көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген Рим Папасының қолынан алған сыйлығын көрсетті

Димаш Құдайберген Рим Папасының қолынан алған сыйлығын көрсетті

Танымал әнші Димаш Құдайберген Рим Папасы Францисктің қолынан алған сыйлығын көрсетті.

  • 15 Қыркүйек 2022
  • 57
Фото - Caravan.kz

"Рим папасы берген бата-тілегіңіз бен естелік сыйлығыңыз үшін үлкен алғыс айтамыз. Ғұмырыңыз ұзақ болсын", — деп жазды Құдайберген.

Айта кетері, Рим Папасы өзімен амандасқан адамдарға қызыл қорапшаға салынған медальонды таратады.

Оны арнайы апостолдық сапар үшін шығарады. Тура сондай медальдарды Франциск әуежайда қазақстандық шенеуніктерге де таратқан болатын. Медальонда "GAZAKISTANIAM VIZIT" деген жазу бар. Сондай-ақ, датасы — 13-15 қыркүйек көрстілген.

13 қыркүйекте Ватикан Франциск папасының 38-ші Халықаралық апостолдық сапарына шыққанын мәлімдеді.


Оны президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен әуежайдан өзі қарсы алды. Франциск Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің пленарлық отырысына қатысып, Қазақстандағы және басқа елдерден келген католиктер үшін қасиетті месса өткізді.