Димаш тағы бір шоуға қатысып, әлемді дүр сілкіндірді (Видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш тағы бір шоуға қатысып, әлемді дүр сілкіндірді (Видео)

Димаш тағы бір шоуға қатысып, әлемді дүр сілкіндірді (Видео)

Димаш Қытай телеарнасынан тұрақты көрсетілетін The Masked Singer China 2019 ән байқауына қонақ ретінде қатысқан болатын. Шоу шарты бойынша әнші маска киіп, сахнада өнер көрсетеді.

  • 11 Қараша 2019
  • 69
Фото - Caravan.kz

12 сағат ішінде 120 миллион рет қаралған "Мен қазақпын" деген Димаштың видеосындағы шетелдік телешоудың толық нұсқасы шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш Қытай телеарнасынан тұрақты көрсетілетін The Masked Singer China 2019 ән байқауына қонақ ретінде қатысқан болатын. Шоу шарты бойынша әнші маска киіп, сахнада өнер көрсетеді. Сондықтан бетперденің арғы жағында кім екенін көрермендер де, қазылар алқасы да білмейді. Бұл — орындалған әнге әділ баға қою үшін істелген бірден бір амал. Шоуға қатысушылар масканы байқау соңына жеткенде бір-ақ шешеді.

Байқаудың бірінші күні-ақ қытай көрермендері бүркіттің маскасын киіп, арқасына қанатын ұстау үшін темір құрылғы киген жігіттің Димаш екенін долбарлап үлгерді. Өйткені ол, әдеттегідей, ешкімге ұқсамайтын дауысымен ерекшелініп қойды. Әнді зор дауыспен бастап келіп жіберген кезде, тіпті қазылар алқасының өзі оны әншінің өзі орындап тұрған-тұрмағанына күмәнданып, "бұл фонограмма емес пе, әлде шынымен де өз дауысы ма" деп күдік-күмән аралас күйде таңдайларын қағысты. Бірақ — бұл уақытша дүдамалдылық еді. Димаштың көп бояулы дауысы жан-жақтан құйылғанда қазылар да, көрермендер де естері шығып, алдарында тұрған бірегей дауыс иесінің кім екенін аңғардай болды.

Байқау соңында маскасын шешкен Димаш бүркітті неге таңдап алғанын қазақша түсіндіріп өтті:


"Әлемнің қай түкіпіріне бармасам да мен, ең алдымен, қазақпын, қазақтың баласымын, қазақтың әншісімін деп айтып, оны ерекше мақтан тұтамын. Бүгінгі бағдарламаға қонақ ретінде шақырғанын пайдалана отырып, мынаны алып шықтым. Қазақтың туындағы символдың бірі — бүркіт, қыран құс. Қыран құстай қалықтап ұшқан қазақ деген халықтың баласы екенімді білдіргім келді", — дейді ол.

 

 

Соңғы жаңалықтар