Бұл туралы ол Нұрсұлтан Құрманның Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
"Мен кезінде намаз оқыдым, басымда орамал болды. Бұрын белдемше киген болатынмын. Соңғы 1-2 жылда байқағаным адамдар Перизатты емес тек қана орамалды ғана көреді. Тұлға ретінде Перизат жоқ. "Бұл намаз оқитын қыз болды, ешқандай ойы жоқ. Тек қана құранның жолымен, шариғаттың жолымен жүретін қыз", — дейтін. Сондықтан, орамалымды шешіп тастадым, маған ыңғайсыз. Орамалды шешіп тастадым, қалғаны өз орнында. Ондай нәрселерді жариялап отырғым келмейді. Ең бастысы достарым біледі", — деп айтты ол.
Еске салсақ, Перизат Мырзахмет әнші Димаштың ресейлік "Сегодня вечером" бағдарламасындағы қылығын сынға алған болатын
"Эх, Димаш… Сен Бағым мен Ринатта кеткен өкпеңді айтамын деп тұтас елді тізе бүктірдің ғой. Асүйде айтатын ренішіңді атасы басқа, мақсаты басқаның алдында жырлағаның қай сасқаның? Басков пен Лазарев, Малахов жаны ашып айтты деп арқаңның қышуы қанды ма? Әлі баласың, бала болған соң шаласың", дегені ел есінде.