Жарияланды: 21500

“Бағым мен Ринатта кеткен өкпеңді айтамын деп тұтас елді тізе бүктірдің”: Белгілі журналист Димашты сынға алды

“Бағым мен Ринатта кеткен өкпеңді айтамын деп тұтас елді тізе бүктірдің”: Белгілі журналист Димашты сынға алды

Белгілі журналист Перизат Мырзахмет әнші Димаштың ресейлік "Сегодня вечером" бағдарламасындағы қылығын сынға алды.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz

"Эх, Димаш... Сен Бағым мен Ринатта кеткен өкпеңді айтамын деп тұтас елді тізе бүктірдің ғой. Асүйде айтатын ренішіңді атасы басқа, мақсаты басқаның алдында жырлағаның қай сасқаның? Басков пен Лазарев, Малахов жаны ашып айтты деп арқаңның қышуы қанды ма? Әлі баласың, бала болған соң шаласың.

Қытайдың төрінде «Самалтауды» айтқан баланың басы бар шығар деп сендім. Сөйтсем сенген қойым кебек бергеннің үйіне қарап күйсеп жүр екен ғой.

40 жыл бұрын болған «Саз әлемі», өзің айтқандай 17 жасыңда болған ескі боқта Бағым Мұхитдинова 100% дұрыс айтты. Дауыс қабілетің мен арзанқол ән екі жақта лағып жатты. Құлағы бардың бәрі естіді. Ол кезде сенде не тәжірибе, не сенім, не қолдау жоқ еді. Құдайдың берген талантына сеніп шығып едің сахнаға. Шикі едің. Рас, Ринат Зайытов езді. «Қатындауысты еркек» деп өзінің сексистік биігінен айтты. Онымызды қателік деп мойындадық. Сен әлі өкпелісің.

Қытайға барған Димаш басқа Димаш. Жұмыс істеген, дайындалған, бәленбай маманның көмегімен стилі мен мәнерін өзгерткен, толысқан әнші болдың. Әлем сені солай таныды. «Саз әлеміндегі» шикі күйіңмен барсаң, сол кездегі әндеріңді айтсаң, итше талап, мазаққа айналдырар еді... Мәселе сенің талантыңды танымаған қазақта емес, елімізді шірітіп жатқан жемқорлықта еді. Сені сүйкімді шығарар стилист пен вокалистер бізде де бар, алайда оларда ондай қаржы мен уақыт жоқ. Өз қотырларын өздері қасып жүрген жандар.

Қайсыбірін айтайын... Таң атпай адамды жылатып қойдың ғой. Жерімізге көзін алартып, «көкелігімді танытам, тіземді батырам» деп отырған елге барып басыңды иіп келдің. «Сол сынның арқасында өстім, енесі тепкен құлынның еті көгермейді» деп Бағымды емес, еліңді қорғасаң азамат болар едің. Бірақ сен әлі өкпенің өлеңін айтып жүрген баласың.

Маған дайректе негелеп жатқандар, шынымен түсінбейсіңдер ме? Шынымен ойланбайсыңдар ма? Шынымен сонша таязсыңдар ма?", - деп жазды автор.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін