Жарияланды: 40

Димаштың Токиода концерт беретінін білген жанкүйерлері алаңдаулы

 Димаштың Токиода концерт беретінін білген жанкүйерлері алаңдаулы

Короновирус тоқтағанша концерттеріңізді тоқтата тұрыңызшы!

Қазақ әнін әлемдік сахналарда шырқап жүрген Димаш Құдайбергеннің Токиода да жеке ән кеші өтетін болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Skifnews.kz-ға сілтеме жасап. 

Әнші Токиода өткізетін концерті жайлы Instagam парақшасында хабарлады. Ол тыңдармандарын Токиода өтетін джаз фестиваліне шақырды, соның аясында Димаштың концерті өтетіні белгілі болды. Әнсүйерқауымның сүйіспеншілігіне бөленген әншінің жанкүйерлерінің хабарлауынша, Димаш мамыр айында Токиода концертін өткізеді екен.

Сүйікті әншілерінің Токиода шығармашылық кешін беретінін білген тыңдармандары оның денсаулығы үшін алаңдап қалды. Мәселен, Димаштың әлеуметтік желіге салған видеохабарландыруын көрген желі қолданушылары: "Абай бол! Тоқтатсаң қайтеді!? Сақтансаң сақтайды", "Жаным-ау, ешқайда бармай тұра тұршы! Короновирус деген өршіп барады ғой", "Абай болыңыз, онда коронавирус!", "Тек ғана Қытайға бармашы, вирустан аман болшы!", "Қайт елге, құрысын, ол жақта вирус өршіп тұр ғой", "Короновирус тоқтағанша концерттеріңізді тоқтата тұрыңызшы! Сіз үшін қорқамыз!", - деп әншінің денсаулығы үшін алаңдаушылық білдірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін