Діни лидерлер кеңесінің құрамы өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Діни лидерлер кеңесінің құрамы өзгерді

Діни лидерлер кеңесінің құрамы өзгерді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 5-ші съезі аясындағы

  • 10 Маусым 2015
  • 602
Фото - Caravan.kz

Діни лидерлер кеңесінің 2-ші отырысында аталған кеңес құрамы өзгерді. Бұл жайында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

Ол өз сөзінде діни лидерлер кеңесінің 2-ші отырысына қатысып сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы алғысын білдіріп өтті.

Қ.Тоқаевтың атап өтуінше, кеңес құрамына Дүниежүзілік ислам мазхабтарының жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы Мохсен Мұхаммади Араки, Израильдің бас сефард раввині Ицхак Йосеф, Англиканск шіркеуінің басшысы, Контерберийск архиепископы Джастин Уэлби, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Маямеров кірді.