Дипломатия қызметінің ардагерлеріне құрмет көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дипломатия қызметінің ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Дипломатия қызметінің ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Алматыда еліміздің дипломатиялық қызметінің ардагерлерімен кездесті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 11 Шiлде 2011
  • 383
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы өз сөзінде, ардагерлерді кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, Дипломатиялық қызмет күнінің Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелер тізіміне қосылғаны Мемлекет басшысының Сыртқы істер министрлігі қызметкерлерінің біздің еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, сыртқы саяси бағытымызды жүзеге асыруға, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын артыруға қосқан үлесін жоғары бағалағанының айқын дәлелі деп атап өтті.

«Президент Н.Назарбаевтың тікелей басшылығымен отандық сыртқы саясат қызметі өзара тиімді ынтымақтастық пен сындарлылық принципіне негізінде жақын көршілермен, әлемдік державалармен, сонымен қатар көпжақты форматтағы қарым-қатынастарда орнықты жүйе құрды», — деп атап өтті министр.

Е.Қазыханов Қазақстанның ЕҚЫҰ, ШЫҰ және ИЫҰ ұйымдарына төрағалық етуі сыртқы саясат саласындағы стратегиялық қызметінің дұрыстығын және жемістілігінің нәтижесі екенін атап көрсете отырып, Астананың және Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі арта түскенін атап көрсетті.

Осы орайда СІМ басшысы «дипломатиялық қызмет ардагерлерінің біліктілігі мен бағасыз тәжірибесі біздің институционалдық дамуымыздың негізіне айналды», — деп ерекше атап өтті.

Салтанатты іс-шара барысында сыртқы істер министрі дипломатиялық қызмет ардагерлеріне наградаларды табыс етіп, зор денсаулық пен игілік тіледі.

Кездесуге Акмарал Арыстанбекова, Сайлау Батыршаұлы, Вячеслав Ғиззатов, Тілеухан Қабдырахманов, Уәлихан Қоңырбаев және басқа да белгілі дипломаттар қатысты.

Соңғы жаңалықтар