"Дипломмен ауылға": биыл 2,8 мың жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 488.59
  • 564.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Дипломмен ауылға": биыл 2,8 мың жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

"Дипломмен ауылға": биыл 2,8 мың жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

Ауылға жіберілетін мамандарға бюджеттік кредит беруге 25 млрд теңге қарастырылып отыр

  • 5 Мамыр 2025
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Экономика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше 2025-2027 жылдары «Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауылдық аумақтарды білікті кадрлармен қамтамасыз етуді жалғастырады.

«AMANAT» партиясының 2003-2007 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындау шеңберінде ауылдық жерге жіберілетін мамандарға бюджеттік кредит беруге 2025 жылы 25 млрд теңге қарастырылған», — деп жазылған хабарламада.

Ведомство бұл қаржы шамамен 2,8 мың маманды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.