Директордың озбырлығына шыдамаған атыраулық ұстаздар айқай шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Директордың озбырлығына шыдамаған атыраулық ұстаздар айқай шығарды

Директордың озбырлығына шыдамаған атыраулық ұстаздар айқай шығарды

Атыраулық ұстаздар айқай шығарды. Мұғалімдердің мұндай қадамға баруына мектеп басшысының теріс іс-әрекеті мәжбүрлепті. №15 мектептің директоры өзін «облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың адамымын, сендерді ашсам алақанымда, жұмсам жұдырығымда ұстаймын» деп қоқан-лоққы көрсетеді, - дейді ұстаздар. Және олар осы күнге дейін мектепте сабақ кестесінің жасалмағанын, ал директордың оқу процесімен айналысудың орнына, өзіне қарсы келгендерді сотқа беріп, қолы тимей жүргенін айтуда.

  • 13 Қыркүйек 2013
  • 407
Фото - Caravan.kz

Ұлы ақын Абайдың есімін иеленгенбілім ордасында шу шықты бүгін. Ұстазардың ашуына әбден тиген мектеп директоры Баянсұлу Жұмаеваның іс-әрекеті көрінеді. Өткен оқу жылының соңында тағайындалған директор күн көрсетпейді, дейді мұғалімдер.

Меруерт Сейітқалиева, мектеп мұғалімі:

— Мен дейтін облыс әкімінің адамымын, маған ешкімнің әлі келмейді, қалай айтам, солай болады, біз осы мектепте кім екенімізді біле алмай жүрміз. Бұл кісіні басшы емес, педагогикалық статусқа  лайық деп ойламаймыз.

Сондай-ақ, ұстаздар қауымы оқушыларға бұрын мектептің маңы түгіл, шаңын да көрмеген адамдардың сабақ беретіндігін және директордың адамның шамына тиетін сөздермен өздерін мазақ ететіндіктерін айтады.


Гүлмира Есқайырова, мұғалім:

— Менің алты сағат математика сабағымды физика мамандығына беріп қойып отыр. Че нуждаешься в деньгах дейді, маған айтады.  Да, нуждаюсь дедім, неге күйеуің асырамайды дейді. Оның ақшасы жетпейді дедім. Сондай сөз бола ма?

Ал,басы дауға қалған мектеп директоры қарасын көрсетпеді. Ұстаздар болса оның алысқа ұзамай, кабинетінде кілттеніп отырғандығына сенімді.

Дегенмен, мұғалімдер алған беттерінен қайтар емес. Тіпті Білім министрлігінің ғаламтордағы блогына жазған. Әзірге ол жақтан жауап жоқ. Ал қалалық білім бөліміндегілермұндай жайттан бей-хабар көрінеді.