Жарияланды: 380

Д.Марадона жол апатына ұшырады

Даңқты футболшы және Аргентина құрамасының бұрынғы бас жасттықтырушысы Диего Марадона жол-көлік оқиғасына ұшырады.

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Марадона мінген көлік дүйсенбі, 11шілде күні Буэнос-Айрестің іргесінде автобусқа соғысып қалған. Тізе жарақатын алған ол дереу ауруханаға жеткізілген. Көлікте Марадонамен бірге оның азаматтық зайыбы Вероника Охеда болған. Ол да жамбас сынығымен ауруханаға түскен. Оқиғаның Марадонаның анасы ауыр жағдайда жатқан ауруханаға асығып бара жатқан жолда болғаны хабарланып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін