Доллар бағамының күрт өсуі жаңа кедендік талаптарды енгізуге байланысты, деп санайды ТұранӘлемБанкі директорлар кеңесінің төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доллар бағамының күрт өсуі жаңа кедендік талаптарды  енгізуге байланысты, деп санайды ТұранӘлемБанкі директорлар кеңесінің төрағасы

Доллар бағамының күрт өсуі жаңа кедендік талаптарды енгізуге байланысты, деп санайды ТұранӘлемБанкі директорлар кеңесінің төрағасы

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. АЛМАТЫ. Доллар бағамының күрт өсуі жүктерді кеденнен өткізу жөніндегі жаңа кедендік талаптарды енгізуге байланысты, деп санайды "ТұранӘлем" Банкі" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Аблязов.

  • 3 Қыркүйек 2007
  • 593
Фото - Caravan.kz



«Мен мұның 26-шілдедегі Қаржы министрлігінің жүктерді кедендік рәсімдеуге қатысты жаңа талаптар енгізуіне байланысты техникалық проблемадан болғандығын білемін, және атап айтқанда, бұған валюта да жатады. Осы мәселе шешімін тапқанша ірі көлемдегі валюта кедендік қоймаларда іркіліп қалғандықтан, валюталық алыпсатарлар бағамды күрт көтеріп жіберді»,- деп мәлім етті Мұхтар Аблязов.

Сонымен қатар Мұхтар Аблязовтың пайымдауынша, Қазақстанның валюта нарығындағы жағдай тұрақтанады. «Кеше, өздеріңіз білесіздер, бағам күрт тұрақтанды. Сонымен қатар, біз теңгенің күннен- күнге тұрақтану ағымын байқаймыз»,- деп атап өтті ол.

«Менің осы қарбаласта теңгелерін долларға айырбастап үлгерген адамдарға жаным ашиды, олар қолайсыз бағамға ақшасын айырбастап жіберді. Қазір теңге нығаяды және қазірде депозиттерде ақшаны теңгемен сақтаған тиімді»,- деген кеңес айтты Мұхтар Аблязов. «Осы апта көрсеткіш апта болады, яғни банктер өздерінің ликвидтілігін нақты көрсетеді, ал теңге бағамы өседі»,- деп қосты ол.