”Домбыра ақыретте жақсылыққа апармайды”: Дарын Мубаров ислам діні музыкалық аспаптарға рұқсат бермегенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Домбыра ақыретте жақсылыққа апармайды”: Дарын Мубаров ислам діні музыкалық аспаптарға рұқсат бермегенін айтты

”Домбыра ақыретте жақсылыққа апармайды”: Дарын Мубаров ислам діні музыкалық аспаптарға рұқсат бермегенін айтты

Уағызшы Дарын Мубаров домбыра мен ислам діні төңірегіндегі әңгімелерге қатысты өз ойымен бөлісті.

  • 15 Тамыз
  • 11745
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Дарын Мубаров дінде музыкалық аспаптарға рұқсат етілмеген дейді.

”Кейінгі кезде домбыра харам деген әңгімелер айтылып, оған қатысты қоғамның пікірі екіге бөлініп жатыр. Бұл әңгімелер бұрында да болатын, бірақ ол кездерде бұлай талқылана бермейтін. Дін деген біреудің жеке меншігі емес қой, егер кімде кім өз ойын айтса, ол дін емес, жеке философияға айналады. Дінде ғалымдар домбыра деп атын атамаған, бірақ музыкалық аспаптар деп жалпы атаған. Сол аспаптарды олар рұқсат емес деп атаған. Арабтарда харам десе, қазақшада рұқсат емес. Мен мектепте кітапқа жақын болдым. Кеңес үкіметі құлағанда біз мектеп бітірдік. Сол кезде біз оқымаған көптеген кітаптар жарық көрді. Солардың бірі — Әлем деген кітап. Кітапта қазақ даласында болған ашаршылықтар баяндалған еді. Сол кезде Дина Нұрпейісова туралы оқыған оқиға есімде қалды. Ол кісінің өнеріне қызығып, кеңес үкіметінің адамдары күй тартып беруін сұрайды. Ол кісі тартып береді. Содан соң тағы қолқа салады. Сонда Дина апамыз молдалар домбыра ақыретте жақсылық әкелмейді деп айтады ғой, сол үшін қанағат қылыңдар, қайта-қайта тарта бермейін деген екен. Сол заманда орамал түгел, иманы кәмілі Дина апамыз молдалардан домбыраға рұқсат жоқ екенін естіпті. Бірақ тоқтатпаған, жалғастыра берген. Дінде деңгейлер болады. Қарапайым халықтың деңгейі, молданың деңгейі бөлек. Қарапайым халық домбырасын тартып отырса, ештеңе ете қоймас. Бірақ, билеп, ойнап-күліп жүру молда адамға жағатын қылық емес”, — дейді ол.