Досқалиевтің ісін қарап жатқан сот тараптардың пікірталасын дайындау үшін 5 күнге үзіліс жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Досқалиевтің ісін қарап жатқан сот тараптардың пікірталасын дайындау үшін 5 күнге үзіліс жариялады

Досқалиевтің ісін қарап жатқан сот тараптардың пікірталасын дайындау үшін 5 күнге үзіліс жариялады

ҚР денсаулық сақтау экс-министрі Жақсылық Досқалиевтің қылмыстық ісі қаралып жатқан сотта төрағалық етіп отырған судья тараптардың пікірталасқа дайындалуы үшін 5 күндік үзіліс жариялады.

  • 22 Шiлде 2011
  • 453
Фото - Caravan.kz

«Сот тергеуінің аяқталғанын жариялаймын. Енді тараптардың пікірталасына өтеміз. Сәрсенбі күні, 27 шілдеде, яғни 5 күнен соң осы жерде кездесеміз», — деді судья Мейрам Жанғұттынов жұма күнгі сот отырысында.

Қылмыстық процессуалдық кодекс ережелеріне сай, пікірталас 2 бөлімге бөлінген. Бірінші бөлігінде мемлекеттік айыптаушы – прокурор, зардап шегуші тарап – медициналық мемлекеттік академия өкілдері мен денсаулық сақтау министрлігі, айыпталушылардың адвокаттары, олардың қорғаушылары мен сотталып отырғандардың өздері сөйлейді. Екінші бөлігі алқа билерінің қатысуынсыз өтеді.

Бұрын хабарланғандай, Ж. Досқалиев Астана медициналық академия ректоры болған кезде, 2005 жылы, көппәтерлі үй тұрғызу үшін, «Астана КБТ» ЖШС құрылыс компаниясына академияға тиесілі жер учаскелерін береді. Соның нәтижесінде медакадемия құны Т59,14 млн деп бағаланған жерлерді пайдалану құқығынан айрылады.

Одан басқа, Ж. Досқалиев өзінің заңсыз әрекеті үшін Т27,52 млн ақша және жалпы құны Т38 млн тұратын 4 пәтерді пара түрінде алған.

Соңғы жаңалықтар