Д.Қадырбаев пен А.Тәжаяқовтың жазасын Қазақстанда өтеуіне мүмкіншілік жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Д.Қадырбаев пен А.Тәжаяқовтың жазасын Қазақстанда өтеуіне мүмкіншілік жоқ

Д.Қадырбаев пен А.Тәжаяқовтың жазасын Қазақстанда өтеуіне мүмкіншілік жоқ

Д. Қадырбаев пен А.Тәжаяқовтың соттылығын Қазақстанда өтеуіне мүмкіншілік жоқ. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдеріне ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

  • 3 Маусым 2015
  • 409
Фото - Caravan.kz

Ол өз сөзінде соңғы  уақыттарда бүкіл ақпарат құралдарында немесе әлеуметтік желілерде Бостондағы марафон барысындағы жарылысқа кінәлілердің айғақ заттарын жойды деп айыпталған Қазақстан азаматтары Д.Қадырбаев пен А.Тәжаяқовтың елге  қайтарылуы мүмкіншілігі жайында әңгіме қозғалғандығын атап өтті.

«Құқықтық тараптан алатын болсақ, оны негізсіз деуге болады. Өйткені, Америка мен Қазақстан арасында сотталған, бас бостандығынан айырылған  азаматтарды өзара алмасу немесе беру туралы құқықтық негіз жоқ»,- деді А.Әбибуллаев.